17.11.2024, 15:30
Оқылды: 132

Оралда танысын пышақтаған тұрғын 5,6 жылға сотталды

Орал қалалық сотында ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес айып тағылған Р-ға қатысты үкім шықты.

Сот ЖП

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған ер адам өзінің саяжайында болған кезде бұрыннан таныс К-ға қоңырау шалып, аулада көмек көрсетуге шақырған.

Соттың мәліметіне қарағанда, жұмыс біткеннен кейін Р. және К. алкогольдік ішімдіктер ішкен кезде екеуінің арасында жанжал туындап, төбелеске ұласқан. Р. танысының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында асүй пышағымен бірнеше рет соққы жұмсаған. Салдарынан жәбірленуші қатты ауырсынып, еденге құлаған. Р. және К. кикілжіңді жою мақсатында алкогольдік ішімдікті ішуді жалғастырған.

Келесі күні К. қалалық көпбейінді ауруханаға жүгініп, оған диагноз қойылып, денсаулығына ауыр зиян келтірілгені анықталған.

«Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындамады. Сот ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес Р-ны айыпты деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге үкім шығарды», деп хабарлады ведомстводан.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале