Оралда тоғыз қабатты үйдегі өрттен 5 адам құтқарылып, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 22 қараша күні Құрманғазы көшесі 210/1- мекенжайында болды.
Сағат 13.02-де 3 және 4 қабат арасындағы электр қалқаны, сондай-ақ 3-тен 5 қабатқа дейін 9 метр электр кабелі жанды.
ТЖ департаментінің күшімен 5 адам құтқарылса, соның үшеуі – балалар. Оған қоса 30 адам шығарылды, оның төртеуі – балалар.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 13.41-де оқшауланып, 13.56-да сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.