16.07.2023, 11:35
Оқылды: 69

Оралда толассыз жауған жаңбыр салдарынан көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулалаларына су кіру жағдайлары орын алды

Бүгін толассыз жауған жаңбыр салдарынан Орал қаласы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелері мен жеке тұрғын үйлердің аулалаларына су кіру жағдайлары орын алды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб жұмыс істеуде.

WhatsApp Image 2023-07-16 at 09.37.25 (1)

Орал қаласы мен Бәйтерек ауданы Асан ауылы бойынша 23 шақырту түсті, оның ішінде 2 әлеуметтік нысан (облыстық көпбейінді балалар ауруханасы және облыстық арнайы мектеп-интернаты). Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдары және «Батыс Су Арнасы» ЖШС-мен бірлесіп су сору жұмыстарын жүргізуде.

WhatsApp Image 2023-07-16 at 09.38.36
Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығынан Орал қаласы бойынша электр қуаты ажыратылып, 6434 абонент жарықсыз қалған болатын. Қазіргі уақытта 1500 абонентке электр қуаты қалпына келтірілді. «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-ның 32 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

WhatsApp Image 2023-07-16 at 09.49.04
Алдағы үш күн ішінде көп көдемде жауын-шашын және найзағай түсуі күтілуде. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарын келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- ғимараттарда электр қуатынан болуы мүмкін өрттердің алын алу шаралары;
- найзағай тартқыштардың болуын, электр элементтерін жерге тұйықталуын қамтамасыз ету;
- су басу қаупі бар аумақтарда суды бағыттау жыраларын дайындау;
- тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу;
- найзағай ойнауы кезінде электр сымдарына, найзағай тартқыштарға, антенналарға жақындамау;
- теледидар, радио және басқ да электр бұйымдарын мүмкіндігінше сөндіріп қою;
- балалардың мүмкіндігінше үйде болуын қадағалау, олардың электр трансформаторларының маңында ойнауға тыйым салу;
- адамдардың су айдындарында шомылуына тыйым салу.

  1. WhatsApp Image 2023-07-16 at 09.38.37 (1)

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале