8.09.2021, 14:25
Оқылды: 38

Оралда түн ішінде жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды

Оралда түн ішінде жалған нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 8 қыркүйек күні сағат 00.30-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тіркелді. Х.Доспанова мен Ф.Неусыпов көшелерінің қиылысында KIA Sportage автокөлігі тоқтатылды.

Құжаттарды тексеру кезінде автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің жалған екендігі анықталды.

Соған сәйкес ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 590-бабы 3-бөлігі және 4-бөлігіне (көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн орнату және сол көлік құралын басқару) сәйкес хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жүргізушінің медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін аталмыш кодекстің 613-бабы 4-бөлігіне (ішкі істер органы қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) сәйкес тағы бір хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале