Оралда 5517 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 5517 әскери бөлім командирінің кубогы үшін үстел теннисінен турнир өтті.
Мұндағы басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, әскерилердің тенниске деген қызығушылығын арттыру.
Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен ашылып, көк туымыз аспанда қалықтады. Алғаш боп сөз алған 5517 әскери бөлімінің штаб бастығы майор Марат Нұрмұратов қатысушыларға қызықты ойын, лайықты қарсылас пен жеңіске деген ерік-жігер тіледі.
Сайысқа 9 команда қатысып өз бақтарын сынады.
Турнир нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімнің әскери қызметшілері арасында жалпы командалық есепте 1- атқыштар ротасының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды 2-атқыштар ротасының командасы еншілесе, үшінші орынды 5517 әскери бөлімнің басқармасы қанжығасына байлады.
Ал, әйелдер арасында жарыстың қорытындысы бойынша І орынды - Асель Балғымбаева жеңіп алса, ІІ орынға – кіші сержант Әлия Абдрахманова иеленді. Ал ІІІ орын - ефрейтор Шынар Отарбаеваға бұйырды.
Жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Ойында белсенді өнер көрсеткен 2-атқыштар ротасы командасының ойыншысы қатардағы жауынгер Бекзат Жақсылық көрермендер көзайымына ие болып, арнайы сыйлықпен марапатталды.
капитан Ертуған Әубакир,
Орал қаласы