12.10.2018, 15:46
Оқылды: 76

Оралда тынымбақ ашылды

 Орал қаласындағы Темір Масин көшесі бойында салынған жаңа тынымбақ ашылып, оған қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысты.

skver Masin

– Жергілікті кәсіпкерлердің қайырымды іс-шараларды көбірек атқара бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Мәселен, биыл қала күні қарсаңында кәсіпкерлердің қаражатына салынған екі жаңа саябақ ашылған болатын. Ал Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Темір Масин атындағы ескі тынымбаққа жаңа тыныс берген облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Жасұлан Жақыповқа ерекше алғыс білдіреміз. Жасұлан Қабиболлаұлы осыдан бірнеше ай бұрын маған жолығып, қала тұрғындарына қайырымдылық жасағысы келетінін айтып, ниет білдірді. Міне, бүгін азаматтың жомарттығына куә болдық. Мұндай қуанышты жағдай өзге кәсіпкерлерге де үлгі болса екен дейміз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, Темір Масин көшесіндегі тас жол мен жаяу жүргіншілер жолына күрделі жөндеу жүргізілуде. Көшенің жаңғыруына үлес қосқан азаматтардың еңбегіне табыс тілейміз, – деді Мұрат Рахметұлы.

Айта кетейік, «БККС» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты аталған тынымбақты жандандыру үшін 34 млн. теңге жұмсаған болатын. Аумағы 540 шаршы метрді құрайтын тынымбақта балалар алаңқайы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы төселді. Мұндағы құрылыс монтаждау жұмыстарын «Эркер» ЖШС жүргізді.

Айым ТӨЛЕУҒАЛИ,

zhaikpress.kz

skver Masin (1)

330ca786-86c4-4591-bfb0-b41e42f9dc3fБатыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің  Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале