8.12.2022, 10:45
Оқылды: 71

Оралда Ұландықтар Динамо спорт қоғамын 97 жылдық мерейтойымен құттықтады

Биыл «Динамо» спорт қоғамының құрылғанына 97 жыл толды. Осы жылдар аралығында бұл қоғамның қатарынан ел намысын әлемдік додаларда қорғап, еліміздің көк байрағын желбіреткен атақты спортшылар шыққан.

3

Спорттың адам өміріндегі алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды да шымыр болып келеді. Ал қырағылық, шыдамдық пен шымырлық – бұл Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бойынан табылуы тиіс басты қасиеттердің бірі.

Ұландықтар үшін спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанудың басты мақсаты ел тыныштығын сенімді қорғап, жауынгерлік қызметтерін жоғарғы деңгейде атқару. Қазіргі таңда ұландықтардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын сақтауына «Динамо» спорт қоғамының қосып жүрген үлесі зор. Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұлан әскерінің жеке құрамы аталмыш спорт қоғамының дене шынықтыру залында жаттығып, үнемі жауынгерлік дайындықтарын жетілдіру бойынша жұмыстар атқарып келеді.

Бүгінде осы «Динамо» спорт қоғамының құрылғанына 97 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников пен 5517 әскери бөлімінің командирі подполковник Сағындық Алқайдаров аталмыш спорт қоғамының ұжымын 97 жылдық мерейтойымен құттықтады.

4

- Бүгінгі күні «Динамо» спорт қоғамы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен облыс азаматтары арасында салауатты өмір салтын сақтау ісіне елеулі үлес қосып келеді. Ұландықтардың спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп, әрқашан өз тараптарыңыздан қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге әлемдік деңгейдегі спорттық додаларда биік- биік  шыңдарды бағындыруға тілектеспіз, - деді полковник Павел Ситников өз құтықтауында.

Ертуған Әубакир,

капитан

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале