Батыс Қазақстан облысына ҚР қорғаныс министрлігінің ақпараттық тобы келіп «Қазақстанның тірегі айбынды жастар» ұранымен әскери - патриоттық іс-шаралар ұйымдастырды. Ақпараттық топпен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің жеке құрамы да бірге келді.
Сапар барысында Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің жеке құрамы Батыс Қазақстандық Ұлы Отан соғысының ардагері Константин Кочережкинге барып, 96 жасқа толған мерей тойымен құттықтады.
Шара барысында солистер майдангердің құрметіне соғыс жылдарындағы әндерді орындап, майдангерге денсаулық, ұзақ өмір тілеп қайтты.
Ертуған Әубакір,
капитан