Оқиға кеше патрульдік топ бастығы, сержант Данияр Қанатқалиев өзінің серіктесі, қатардағы Нұрдәулет Әскербек және қатардағы Наиль Шариповпен бірге өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген кезде болған.
Кешкі сағат 19.15 шамасы кезінде «Солтүстік - шығыс» ауданындағы көп қабатты үйді жағалап келе жатқан белгісіз азамат әскери жасаққа күдік туғызады. Әскери топ бастығы, сержант Данияр Қанатқалиев секем туғызған азаматты тоқтатып, сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тінту жұмыстары барысында Орал қаласының тұрғыны «Р» есімді азаматтың күртешесінің сол жақ қалтасынан 7 - 8 см жиналмалы пышақ табылды.
Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.
Әубәкір Ертуған,
капитан