23.10.2025, 19:00
Оқылды: 103

Оралда «Ұлт рухы – домбыра үні» атты дәстүрлі флешмоб өтті

Республика күні қарсаңында Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ұлт рухы – домбыра үні» атты дәстүрлі флешмоб ұйымдастырды. Шара Asia Mall сауда үйінде өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

78c0173f-9495-4f00-9057-31f18b410095

Домбыра – ұлт рухының айнасы, қазақтың жаны мен жүрегінің үні. Осы қасиетті аспап арқылы халқымыздың тарихы мен тағдыры, қуанышы мен мұңы күй тілінде өрнектеледі. Сол себепті Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «100 күйдің тарихы» жобасы аясында ұлттық мұраны дәріптеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жоба жас ұрпақтың бойына ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыруды мақсат етеді.

cb3745a2-74d6-4059-9397-313c9036f2a2

Флешмоб барысында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Дарын» қазақ ұлт-аспаптар оркестрі көрермендерге Құрманғазының әйгілі «Адай», «Балбырауын» күйлерін және «Тұран» ансамблінің «Ер Тұран» туындысын орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Оркестрдің жетекшісі және дирижері – Нұркен Серікұлы Шайжанов.

1cb7dc01-ab7b-4706-aa08-6324a96dadd1

Музыкалық бағдарлама «Ғажайып» би ансамблінің ұлттық билерімен әрленіп, көрермендерді тәнті етті. Сондай-ақ «Batys Beat» барабаншылар оркестрі өздерінің ерекше ырғақтарымен тыңдарманның көңілін көтеріп, мерекелік рух сыйлады.

6e90f305-425e-4015-9bf9-311b3f5c4225

Шара аясында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті ақындарының отаншылдық пен ел бірлігін дәріптейтін өлеңдерін оқып, патриоттық әндер орындады. Бұл өнер мерекесі жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырып, көпшілікке рухани ләззат сыйлады.

Бекзат Қанәділ

Суретке түсірген: автор

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале