Бүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Ұлттық бірегейлікті сақтау: қағидат және қазақстандық тәжірибе» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Оған БҚМУ ұжымы, көрші облыстардан келген ғалымдар және ҚХА мүшелері, ұлттық мәдени орталықтардың басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғылыми басқосуда тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев «Ұлттық бірегейлікті сақтау (қазақ ұлтының мәдени-генетикалық кодының ерекшелігі)», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті Жомарт Мұханбетов «Латын жазуына көшудің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы мәні», әлеуметтану ғылымының магистрі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Асхат Әменов «Шетел қазақтарының киелі географиясы»т.б. тақырыптарда баяндама оқыды.
Конференцияға қатысқандар күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзара пікір алмасты. Айта кету керек, конференцияға орай кітап көрмесі жасақталған.
Серік Ізбасарұлы
zhaikpress.kz