10.04.2023, 12:46
Оқылды: 59

Оралда ұлттық дәстүрді ұлықтаған ауызашар өтті

Жақында Орал қаласында «Қазақ Аналары – Дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы қала тұрғындары үшін «Берекелі Рамазан» атты ауызашар кешін өткізді. Ауызашар шарасы барысында түрлі байқаулар өткізіліп, үздік ұлттық киім киіп келген қонаққа арнайы сыйлық ұсынылды.

0899e7f9-c00f-42a2-b214-48520a5ca683

«Grand Zodiak» мейрамханасында ұйымдастырылған ауызашар кешіне ұлттық киім киген қала тұрғындары жиналған. Шараның ұйымдастырушылары ұлттық дәстүрді жаңарту, жаңғыртуды мақсат еткен. Қонақтар ауызашар шарасы аясында жарапазан айтып, жүн түту мен ұршық иіру, тоқыма тоқудан сайысты. Сонымен қатар ұлттық ойын асық ату мен ләңгі тебу ойынын ойнады.

8eadbb95-92c5-405d-89e3-16eb3ee29eda

Берекелі Рамазан ауызашар кешін ұйымдастырушы «Қазақ Аналары – Дәстүрге жол» РҚБ БҚО филиалы төрайымы, дәстүрлі әнші, сазгер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, БҚО Аналар кеңесінің мүшесі, Қырғызстан Республикасының «Жыл адамы», «Сахна жұлдыз» медальдерінің иегері Күләш Қуанышқалиева.

zhaikpress.kz

931c9f19-5d00-49e8-a692-7a8f62e28ac1 5064fa19-f520-450f-8bcf-d3150d5774d8

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале