Шара «Ұлт рухы: тарих пен өрнек» атауымен өтіп, театрландырылған көріністен басталды.

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты – қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи-рухани маңызын дәріптеу, мәдени мұраны ұлықтау, жас ұрпаққа ұлттық эстетикалық тәрбие беру, ұлттық киім кию мәдениетін жаңғырту және отандық өнімді насихаттау.
Хореографиялық композициялар мен сахналық көріністер көрермен назарына ұсынылып, «Жаңғыру» дизайнерлер шоуы аясында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының дизайнерлері заманауи этностильдегі сән топтамаларын таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев қатысушыларды Ұлттық киім күнімен құттықтап, дизайнерлерге облыс әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хатын табыстады.

Ұлттық болмысты сақтауда бүгінгі қоғамның жауапкершілігі ерекше. Дизайнерлер мұндай үлгідегі ұлттық киімдер арқылы ұлттық болмысты қайта жаңғыртуға, оны заманауи тұрғыда дамытуға зор үлес қосып отырғанын тілге тиек етті.
zhaikpress.kz
