Оралда ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Мәңгілік ел» жобасы аясында «Ұлттық қазына» мерекелік шарасы өтті.
Ұмыт болып бара жатқан ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып, салт-жоралғыларды насихаттауға арналған рухани шараға 300-ден астам қала тұрғындары мен студент жастар қатысты.
«Ұлттық қазына» мерекелік шарасында «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қазақтың әндерін әуелетіп бастаса, М.Өтемісов атындағы БҚМУ «Мұрагер» студенттер театры көпшілікке мерекелік көңі-күй сыйлады.
Бағдарламада аударыспақ, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату сынды ойындардан сайыстар ұйымдастырылды.
Тиісінше «Асық ату» ойынының жеңімпаздары: І орын – Абдурасулов Самат, ІІ орын – Иман-Мәліков Эльдар, ІІІ орын –Ыбырай Наурызбаев және Едіге Нұрлыбек.
«Жамбы ату» ойындарының жеңімпаздары: І орын – Мирас Иманғалиев, ІІ орын –Еркебұлан Алданиязов, ІІІ орын – Елдос Иман-Мәліков.
«Аударыспақ» ойындарынан (70кг дейін) жеңімпаздары: І орын – Шияз Мейрамбек, ІІ орын – Төрәлі Еркін, ІІІ орын – Бекболат Нұрым.
«Аударыспақ» ойындарынан (70кг жоғары) жеңімпаздары: І орын –Қайнар Космагулов, ІІ орын –Нұрмағанбет Жәндібеков, ІІІ орын –Темірлан Кашкенбаев.
«Қазақ күресі» ойындарынан (70кг дейін) жеңімпаздары: І орын –Нұрбай Рахымжан, ІІ орын –Әли Аблаев, ІІІ орын – Мәдениет Нұрсейіт және Айбын Утеев
«Қазақ күресі» ойындарынан (70кг жоғары) жеңімпаздары: І орын –Бекайдар Мендешов, ІІ орын –Ақылбек Зайдолла, ІІІ орын – Боранбай Галламов және Әбдікәрім Төлеген қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға арнайы ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Ерлік Шамғалиев,
«Жас Отан» Жастар қанаты БҚОФ кеңесшісі