23.05.2025, 12:30
Оқылды: 244

Оралда Ұлттық ұлан әскери бөлімі ашық есік күнін өткізді

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде қала мектептері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл игі шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және «Полиция – балалардың қорғаны» республикалық акциясы аясында өтті.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.26.26 (1)

Аталған іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу, сондай-ақ әскери қызметтің маңызын насихаттап, сарбаздардың күнделікті тыныс-тіршілігімен жақын таныстыру. Шара барысында қатысушыларға әскери бөлімнің құрылымы мен жұмыс тәртібі жан-жақты таныстырылып, арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.26.26

Қонақтар назарына әскери қару-жарақтың түрлері мен арнайы жабдықтар ұсынылып, сарбаздардың казармалық жағдайы мен асханасы көрсетілді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс, саптық дайындық және жауынгерлік тактикалық элементтер бойынша көрнекі қойылымдар көрсетті. Қызметтік иттердің қатысуымен құқықбұзушыларды ұстау тәсілдері де көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Шара аясында әскери оркестрдің орындауында шағын концерт ұйымдастырылып, патриоттық рухты арттыратын әуендер шырқалды. Қатысушыларға бұл күн ұмытылмас әсер сыйлады.

– Сарбаздардың тәртіпке бағынған өмір салты мен жанқиярлық қызметі маған ерекше әсер етті. Әскери қызметке деген құрметім арта түсті, – дейді ашық есік күнінің қатысушысы Жарқынбек Исанов.

WhatsApp Image 2025-05-23 at 12.26.27

Ашық есік күні әскери бөлім мен азаматтық қоғам арасындағы байланыс көпірін бекемдей түсті. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, ел қорғаны — сарбаздардың бейнесін айқындауда ерекше рөл атқаратыны сөзсіз.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале