14.05.2023, 15:52
Оқылды: 35

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері көпбалалы отбасыларды құттықтады

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5517-әскери бөлімінің тәрбие бөлімшесінің бастығы майор Нұртілек Ғалымжанов және бөлімнің әйелдер кеңесінің мүшелері өздерінің көпбалалы әріптестерін, отбасы күнімен  құттықтады.

image-14-05-23-02-55-2

Тәрбие бөлімшесінің бастығы майор Нұртілек Ғалымжанов  бірінші кезектек көпбалалы әріптестерінің, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігімен танысып, мүмкіндігінше Ұлтық ұлан тарапынан кез-келген әлеуметтік көмек көрсетуге дайын екендігін айтып өтті.

- Балалар біздің болашағымыз. Осы балалардың арасында ертеңгі мемлекеттік қызметкер, әскери қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер тағыда басқа мамандық иелері шығады. Көп балалы отбасы - бұл бақыт қана емес, сонымен бірге үлкен еңбек, үлкен жауапкершілік. Олардың қажеттіліктерін, қандайда бір проблемаларын шешу ата – ана үшін басты міндет. Сондай – ақ біздің әскери бөлім үшін де көпбалалы отбасыларға қолымыздан келгенше көмек көрсету – басты назарымызда деді, - майор Нұртілек Ғалымжанов.

Өз кезегінде өздерін құттықтап келген әскерилерге 8 жастағы Раяна Жанайқызы барлық бауырларының атынан алғысын білдірді.

Айта кету керек, бұндай іс-шара қоғамдағы отбасылық құндылықтардың рөлін нығайту, жас ұрпақты үлкен өмірге дайындау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

image-14-05-23-02-55

 

Ертуған Әубакир,

капитан

zhaikpress.kz  

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале