21.03.2019, 14:42
Оқылды: 81

Оралда Ұлыстың ұлы күні тойлануда (СУРЕТ)

Орал қаласындағы Ұлыстың ұлы күніне байланысты мерекелік шара ҚР Тұңғыш Президенті алаңында басталды. Қадыр Мырза Əли атындағы мəдениет жəне өнер орталығы алдында облыс əкімі Алтай Көлгінов түрлі ұлыс өкілдерімен қауыша амандасып, қарияларға сəлем берді.

nauryz (5)

Облыс əкімі бастаған топ алаң маңына көшет отырғызды.

ҚР Тұңғыш Президенті алаңында қазақ ұғымындағы қасиетті санмен байланыстыра жеті киіз үй тігіліпті. «Бақ, береке Наурызым!» тақырыбында театрландырылған көрініс басталарда киіз үй есіктері айқара ашылып, жарапазан айтылды. Көріністе аңыз əңгімелер желісінде əн-күймен, бимен көркемделген қойылымдар қамтылды. Сал-серілер думан құрып, жыршылар шаттық көңіл-күйді өлеңмен өрнектеді. Жер, Су, Күн жəне От анаға ақ жаулықты келіншектер тəу етіп, жын-пері, ауру-сырқау, бəле-жаладан аластау рəсімдерін өткізді.

nauryz (31)

Ашық аспан астындағы театрландылған көрініс жеті санымен өрбіп отырды. Жеті жігіт тайқазан көтерді. «Жеті ғашық», «Жеті қасиет», «Ұлы даланың жеті қыры», «Жеті ата түгендеу» көріністері қойылды. Тəуке ханның «Жеті жарғысының» елдігімізді бекемдеуге негіз болғаны айтылды. «Жеті қазынаны» қазақтың қалай қадірлегені көпшілікке көрсетілді.

Халық əндері шырқалды. «Назерке» жəне «Ақжайық» би ансамбльдері өнер көрсетті. Көпшілік алдына түйемен келген Қыдыр ата бата берді.

Наурыз думанға жиналған жұртшылықты облыс əкімі Алтай Көлгінов құттықтады.

nauryz (54)

- Қадірменді қонақтар мен қала тұрғындары! Баршаңызды игілік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен түсіністіктің қайнары - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Дастарханға ақ толатын, елімізге бақ болатын көктемнің мейірлі шағын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ұлықтаған. Күн мен түнді теңгерген, іргемізді ізгілікке бөлеген əз Наурыз барша адамзатқа шаттық сыйлайды. Күн шуағын төгіп, тіршілік жанданып сала береді. Ұлыстың ұлы күні бабаларымыз бұлақ көзін ашып, тал еккен. Жоқ-жітік халін сұрап, қол ұшын созған. Барша қазақ көрісіп, аман-есендігін біліскен. Игі дəстүр жолымен біз басты байлығымыз - берекелі бірлігімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Отанға деген сүйіспеншілік мемлекетке деген орнықты сананы қалыптастырады. Тəуелсіз мемлекетімізбен бірге жаңғырған Наурыз мейрамы көп ұлтты Қазақстан халқы үшін мерейлі мерекеге айналды. Бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюының негізі болды. Кез келген мемлекеттің басты құндылығы - қастерлі Тəуелсіздігі мен біртұтас ұлт болып бейбітшілігін сақтауы. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз үшін Тəуелсіздіктен асқан мұрат, Мəңгілік елден асқан мақсат жоқ» деп айтқанын үлгі тұтамыз. Сондықтан ата-баба арманын жалғап, əлемдегі ең ірі дамыған елдер қатарына кіру жолында қоғам болып бар күш-жігерімізді салайық. Ұлыстың ұлы күнінде еліміздің ырысы мен ынтымағы нығайып, əр отбасының берекесін артсын. Ақ мол болсын! Жыл жемісті болсын! - деді Алтай Көлгінов.

nauryz (51)

Ассамблея ғимараты алдындағы «Достық ауылында» қолөнер шеберлері жəрмекеңкесі өтті. Жəрмеңкені ұйымдастырушы өлкетанушы Айболат Құрымбаевтың айтуынша, облыс орталығы мен Ақжайық, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан келген 40-қа жуық шебер қолөнер бұйымдарын саттыққа ұсынды. Жəрмеңке мақсаты - шағын жəне орта бизнесті дамыту, қолеңбегімен айналысатын тұрғындар кəсібінің кең қанат жаюына ықпал ету, олардың тапсырыс алуына жағдай жасау. Айболат Құрымбаевтың əлеуметтік желісінен Оралда Наурыз той өтетіні жайында құлағдар болған РФ, Татарстан Республикасының Бавлы қаласының мəдениет, туризм жəне музей саласы өкілдері тəжірибе алмасуға келіпті. Татар бауырламыз да Ұлыстың ұлы күнін кеңінен атап өтуге бел буып отыр.

Бүгін Оралда көктем шуағы сезіліп, халық мерекелік көңіл күйге бөленді. Алаңға жиылған көпшілік ұлттық ойындарға қатысып, алтыбақан тепті. Балалар асық атып, атпен серуендеді. Халық алаңда Наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татты.

Нұртай Алтайұлы,

Нұрлыбек Нұрланұлы,

Суретке түсірген Темірболат Әнуарұлы,

©zhaikpress.kz

nauryz (6)

nauryz (12)

nauryz (7)

nauryz (14)

nauryz (10)

nauryz (1)

nauryz (16)

nauryz (13)

nauryz (24)

nauryz (26)

nauryz (21)

nauryz (23)

nauryz (19)

nauryz (28)

nauryz (29)

nauryz (36)

nauryz (40)

nauryz (25)

nauryz (42)

nauryz (43)

nauryz (44)

nauryz (41)

nauryz (39)

nauryz (33)

nauryz (34)

nauryz (38)

nauryz (29)

nauryz (28)

nauryz (32)

nauryz (45)

nauryz (50)

nauryz (47)

nauryz (49)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале