16.02.2024, 21:00
Оқылды: 98

Оралда ұшақта жүрегі тоқтап қалған сәбиді құтқарған дәрігер марапатталды

Бүгін өңір басшысы Нариман Төреғалиев 11 ақпан күні Алматыдан Оралға бағыт алған ұшақ бортында сәби өмірін аман сақтап қалған Гүлсім Жұмағалиеваны қабылдап, алғыс айтты.

IMG-20240216-WA0014

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жазды.

«Кездесуде облыс әкімі бүгінгі күннің батыры Гүлсім Минахқызының ерлік оқиғасын тыңдап қана қоймай, медицина саласының маңызды мәселелерін қозғады.

Атап айтсақ, шала туған нәрестелерді өмірге бейімдеу үшін қажетті медициналық жабдықтардың жеткіліктілігі, педиатр-дәрігерлердің біліктілігін арттыру, жас мамандарға бала денсаулығына қатысты кризистік жағдайларда жедел әрі батыл әрекет ету бойынша тәлімгерлік жасау мәселелері талқыланды», деп жазды аталған басқармадан.

IMG-20240216-WA0015

Қоса кетейік, кеше БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Тоқсанов дәрігерге өз ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс еткен еді.

Оралда ұшақ бортында 1,6 жасар сәбидің өмірін сақтап қалған Гүлсім Жұмағалиева көпбейінді облыстық балалар ауруханасының бөлімше меңгерушісі, неонатолог-дәрігер.

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале