18.11.2023, 14:11
Оқылды: 27

Оралда ұстаздар арасында спартакиада басталды

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай өңірдегі дене шынықтыру пәні ұстаздары арасында ашық қалалық спартакиада басталды, деп хабарлайды Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі.

IMG-20231118-WA0024

Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, БҚО білім басқармасы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтетін спартакиада жеті кезеңді қамтымақ.

18 қараша мен 3 желтоқсан аралығында ұйымдастырылатын спартакиадаға қатысуға 13 команда ниет білдірген. Оның ішінде облыс аудандарының командалары мен БҚО мектептерінің құрама командасы, қала мектептерінің құрама командасы бар.

IMG-20231118-WA0020

– Бүгін басталған спартакиаданы алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді қолға алмақшымыз. Барлық қатысушы командаларға сәттілік тілеймін!, - деді ашылу салтанатына қатысқан қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

IMG-20231118-WA0022

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале