20.02.2023, 12:15
Оқылды: 51

Оралда ұстаздар спартакиадасы өтті

Орал қаласында  дәстүрлі қалалық мұғалімдер спартакиадасы өтті. Волейбол, шаңғы жарысы, тоғызқұмалақ, шахмат, асық ату, бес асық және үстел теннисі сияқты спорт түрінен өткен бәсекеге 50 мектептен 750 ұстаз қатысты.

IMG-20230220-WA0070

Бірнеше күнге созылған мұғалімдер жарысының қорытындысында  үстел теннисінің ерлер бәсекесін 10 мектеп мұғалімі Алтынбек Болатов жеңіп алса, әйелдер арасындағы осы жарыста 10 мектептің тағы бір ұстазы Гүлжауар Ақышеваға тең келер спортшы ұстаз болмады. Ал тоғызқұмалақтан жарысына келсек, мұндағы ерлер бәсекесін №42 МГ мұғалімі Бектас Кенжеғалиев, тоғызқұмалақшы әйелдер жарысын №22 мектептің мұғалімі Фариза Темірболатова  жеңіп алды.

IMG-20230220-WA0068

 

Одан бөлек мұғалімдер асық атуды да тым тәуір меңгергенін көрсетті. Тек ерлер бақ сынаған жарыста №2 мектеп ұстазы Тілекқабыл Сәпиев үздік деп танылса, бес асық сайысында №24 мектеп мұғалімі Сара Қапышеваға тең келер жан табылмады. Шахматшы мұғалімдер де кім мықтыны анықтады. Мұнда №23 мектеп ұстазы Заур Бишаев ерлер сынында, №28 мектептің намысын қорғаған Аида Өтелеева әйелдер арасында жеңіске жетті. Шаңғы тепкеп ұстаздар екі топта бақ сынады. Алдымен 40 жасқа дейінгі мұғалімдер жарыс жолына шықты. Бұл сайыста №24 мектептің ұстазы Виктор Шамин, 40 жастан асқан ер адамдар сайысында №7 білім ошағының намысын жыртқан Мадияр Ғабдуш жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінді. Ал шаңғышылар бәсекесінде бақ сынаған 40 жасқа дейінгі әйелдер сайысында №39 мектептің мұғалімі Айман Сәрсенғалиева, 40 жастан асқан әйелдер арасындағы жарыста Круглозерный мектебінің ұстазы Александр Самаркина үздік шықты. Волейбол додасында №21 мектептің командасы жеңіске жетті.

IMG-20230220-WA0086

Ал жалпыкомандалық сайыста №21 мектеп үшінші, №24 мектеп екінші орынға ие болса, №47 мектеп командасы бас жүлдеге ие болды.

Аружан Сұлтанова,

Орал қаласы спорт бөлімінің баспасөз хатшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале