БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше кешкісін С.Датұлы көшесі, 17 мекенжайында болды, деп жазады Egemen.kz.
Сурет: Egemen.kz
«Балалар алаңында 2011 жылғы ұл баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Салдарынан ашық және жабық бас-ми жарақатын алған бала сағат 22.10-да жақын маңдағы емдеу мекемесі - қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің бар күш-жігерін жұмсағанына қарамастан, бала жарты сағаттан кейін қайтыс болды», деп хабарлады ведомстводан.