Мәдениет және демалыс сабағында Милан–Кортина қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғаушыларды қолдауға арналған «Winter Race STEPP 2026» көпшілік шаңғы жарысы ұйымдастырылды.

Спорттық мерекеге 300-ден астам қала тұрғыны мен спорт сүйер қауым қатысты. Шаһарды қысқы спорт шынайы мерекесіне айналдырған шара барысында жиналғандарға қызықты жарыстан бөлек маскот шоу ұсынылды. Оның аясында ертегі кейіпкерлері болып киінген ұл-қыздар шаңғышылар мен жарыс көрермендеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ қазан асылып, көпшілікке ыстық шәй мен бауырсақ ұсынылды.

Олимпиадашыларды қолдауға арналғен жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Орал қаласының әкімі Мұрат Бәйменов, Батыс Қазақстан облыстық шаңғы федерациясының президенті Ерікқали Бисақаев және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Ашылу барысында қала әкімі Мұрат Бәйменов жиналған қауымды құттықтап, қысқы спортты дамыту – салауатты қоғам қалыптастырудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

-Бүгінгі жарыс тек спорттық бәсеке ғана емес, бірліктің, белсенді өмір салтының және Олимпиада құндылықтарын насихаттаудың жарқын үлгісі. Қуантарлығы, бұл додаға жас та, жасы келгендер де қатысуда. Осындай бұқаралық спорттық шаралар арқылы біз дені сау, жігерлі ұрпақ тәрбиелейміз. Барша қатысушыларға сәттілік, ал олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшыларымызға үлкен жеңістер тілеймін,–деді қала әкімі.

Жарыс нәтижесінде мәреге жеткен барлық қатысушылар медальдармен марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Қорытындысында
Қыздар арасында (1 шақырым)
І орын Ксения Кудрявцева
ІІ орын Кәусар Құрманғазы
ІІІ орын Айлана Қанатқызы
Ұлдар арасында (1 шақырым)
І орын Ниуита Берковский
ІІ орын Данила Турашев
ІІІ орын Алдияр Сатыбалды
Әйелдер арасында (2 шақырым)
І орын Екатерина Жетібаева
ІІ орын Лидия Кереева
ІІІ орын Алина Губашева
Ерлер арасында (3 шақырым)
І орын Батырхан Дәулет
ІІ орын Александр Бессмертнов
ІІІ орын Илья Козловский
Сонымен қатар жарыс аясында ерекше көзге түскен қатысушыларға арнайы номинациялар табысталды.
Одан бөлек жарыста өзін ерекше көрсете алған спортшылар арнайы номинациялармен марапатталды.
* «Мұз үстіндегі стиль» — Павел Казанцев
* «Шаған додасының ақсақалы» — Санат Берсебаев (65 жас)
* «Қардағы алғашқы із» — Сергей Кудрявцев (7 жас)
Аталған шара қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттап, алдағы Қысқы Олимпиада ойындарына деген қызығушылықты арттырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz