2020 жылдың 10-11 қазан күндері Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ХХVIIІ маусымы ашылады.
Жаңа маусым ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «ЖҰБАН» қойылымымен ашылмақ.
Қойылымның авторлары: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева және драматург Мадина Омарова.
Жанры: поэтикалық драма.
Қойылымның режиссері: Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері, Ә.Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай республикалық театрлар фестивалінде Е.Аманшаевтың «Дауыс немесе Дау іс» абсурдтық спектаклімен қатысып, «Шығармашылық жетістіктері үшін» номинациясының лауреаты атанған Гауһар Адай.
Қоюшы суретшісі: Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі, Еуразиялық шығармашылық Гильдиясының мүшесі (Лондон), Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, EXPO&Women халықаралық ұйымының мүшесі, Кипр заманауи өнер музейінің «Күміс кілт» иегері Гүлдана Жұрқабаева.
1986, ызғарлы қыс. Елдің ертеңі үшін ереуілдеткен жастардың әрекетін азғырушылар алдында Ақын. Таптаурын тақырып, жаттанды сөзден ауытқып, тұтас ұлттың тарихын қызғыштай қорыған рухты Ақын.
Қойылым Жұбанның Колбин алдында шыңғыртып тұрып шындық айтатын, туған халқы үшін ұлттық державаға қасқайып қарсы шығатын жиналыс сәтінен бастау алады. Ақын бойына дарыған батырлықтың бастауы, өзгелерден оқ бойы озық тұруының сыры, асқақ рухының түпнегізі балалық және бозбала шағымен, ересек өмірмен астасып сипатталады.
Маусымның ашылуы 10-11 қазан күндері сағат 16:00-де өтеді.
Ескертпе!
Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты бұл қойылымға тек 50 көрермен ғана кіре алады.
Зал толы көрермен жиналмайды. Қойылымға билет бойынша +7 777 569 1268, +7 775 409 4732 нөмірлеріне хабарласа аласыз.
Залда карантиндік талапқа сай арақашықтық сақталады. Медициналық маска міндеттті түрде.
Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ақпарат бөлімі