7.06.2021, 12:23
Оқылды: 81

Оралда Хадиша театры билет сатудың онлайн жүйесін іске қосты

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры билет сатудың электрондық жүйесін іске қосты. Ендігі уақытта қойылымға билетті қай жерде жүрсеңізде сатып ала аласыз. Тек қолыңызда телефон, интернет және картаңызда қаражат болса жеткілікті.

 IMG_20210604_181907_

Билеттер ticket07.kz сайтында сатылымға шықты. Кассадан және сайт арқылы сатып алынған билеттердің бағасы бірдей.

Сатылған әр билет жүйеге тіркелетіндіктен, оны өзгерту мүмкін емес. Әр билетке орны, қатары, қай уақытта алынғаны туралы сатып алу дерегі бар QR код беріледі. Залға кіргенде осы код арнайы құралдың көмегімен сканерден өткізіледі де ақпарат оқылады. Осылайша билет тексеруден өтеді.

Билетті сату ережесіне тоқталсақ. Егер билетті кері қайтаратын болсаңыз, театрдың көрерменмен жұмыс менеджерлеріне хабарласып, ересектерге арналған қойылымның билетін спектакль болатын күні сағат 13:00-ге дейін, ал балаларға арналған қойылым билетін 1 күн бұрын тапсыру қажет.

Айта кетейік, әзірге сатылымға шығарылған электронды билет саны шектеулі.

театр (1)

Электронды билетті қалай аламыз?

  1. Алдымен театрдың https://khadisha-theatre.kz/kk/ сайтына немесе бірден ticket07.kz сайтына өтесіз.
  2. Театр сайтынан «Онлайн билет» батырмасын бассаңыз, сілтеме сізді ticket07.kz сайтына жолдайды. Мұнда көрсетілген тізім арасынан көңіліңіз қалаған қойылымды таңдай аласыз.
  3. Спектакль афишасының астында орындар легі көрсетілген. Солардың ішінен қажетті бос орынды белгілеп, сайттың жоғарғы тұсында оң жақта орналасқан «Себет» батырмасын басасыз.
  4. Әрі қарай банктік карта нөмірін, қажетті деректер мен электронды поштаңызды жазып, онлайн төлем жасайсыз. Билет поштаңызға жолданады.

 

Динара Насыр,

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық

қазақ драма театрының ақпарат бөлімінің жетекшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале