7.05.2025, 9:00
Оқылды: 212

Оралда Хиуаз Доспанованың ерлігі ұлықталды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Үш батыр қыз» ескерткіші алаңында қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлігін ұлықтауға арналған «Қырағы қанатты қыз» атты патриоттық шара ұйымдастырылды. Шара барысында батыр қыздардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

db1223f3-fd22-4fa3-b70b-91bf53533dd3
Іс-шараға Хиуаз Доспанова атындағы №30 орта мектептің оқушылары, «Ұлағат» ата-әжелер клубының мүшелері, тыл ардагері, публицист-жазушы Социал Пұсырман, «Ақ жол» партиясының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиынды Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Әлия Қайыржанова ашып, Ұлы Жеңісті жақындатуға тер төккен сарбаздарды ел есінде жаңғырту – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті және жас буынды білім алып, ел мен жерге қызмет етуге шақырды.
– Ата-бабамыз жеңіске жету жолында майдан даласында жандарын пида етіп, тылда тер төгіп еңбек етті. Бүгінгі күн – сол батырларымызға тағзым ететін ұлы күн. Тарихты білмей, кемел болашақты жасау мүмкін емес. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан әр жауынгердің ерлігін бүгінгі ұрпақ мақтанышпен еске алуы тиіс. Қаладағы 4 мектепте Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгерінің есімін иеленген. Соның бірі – жерлесіміз Хиуаз Доспанованың атындағы №30 орта мектеп. Батырдың есімін иеленген мектептің шәкірттері олардың батырлығын отансүйгіштігін өздеріне үлгі ретінде алып, білімдерімен, мінездерімен елге қызмет ететін адал азамат болуыға ұмтылуы керек, – деді Әлия Зұлқарнайқызы.

aac7d895-0dcd-4c5f-a5a3-b859bdd118f4
Зашаған кенті әкімінің орынбасары Нұрболат Мұхитов пен «Ақ жол» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Түркина лебіздерін білдіріп, тыл ардагері Социал Пұсырманға «Ақ жол» партиясы атынан сый-құрмет көрсетті.

f3b989bc-025d-40ad-86a8-e7b1f1d06190
Шара барысында мектептің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, «Хиуаз қырандары» атты қыздар тобы саптық шеру көрсетті. 80 қыздан құралған топтың шеруі көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Орал қаласының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале