12.10.2022, 20:03
Оқылды: 44

Оралда ХҚО-ның жаңа секторы ашылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалы жаңа сектор ашты.

IMG-20221012-WA0172

Енді Орал қаласының тұрғындары жылжымайтын мүлікті С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайындағы құрылыс компаниясының сату кеңсесінде рәсімдей алады.
Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын рәсімдеу үшін ХҚО-ға немесе нотариусқа жүгінуге тиіс болатын. Бұдан былай "QURYLYSDEVELOPMENT" ЖШС-да пәтер сатып алған азамттар компанияның сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады.

IMG-20221012-WA0171

"Жаңа сектордың ашылуы сатып алушыға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын құрылыс компаниясының сату кеңсесінде нотариустың қатысуынсыз тіркеуге мүмкіндік береді. Осылайша, клиенттер жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шартын жасауға уақыт пен ақшалай қаражатын үнемдейді", - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО-дағы филиалының директоры Надір Құрымбаев.
Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу кезінде ХҚО мамандары сатып алу-сату шартын жасайды, мәміле жасайтын тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың құқықтық қабілеттілігін тексереді. Содан кейін жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Айта кетейік, мәміле жасау үшін сатып алушы жұбайының нотариалды куәландырылған келісімін немесе иеліктен шығарылған немесе сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өтініш беруі керек.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
БҚО филиалының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале