3.08.2023, 22:51
Оқылды: 38

Оралда зейнеткердің үйінен 8 түп «қарасора» табылды

2023 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика аумағында есірткіні заңсыз өсіру, есірткі өсімдіктерін өсіру орындарын жою мақсатында «Қарасора-2023» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-08-03 at 23.44.40 (2)
2 тамызда «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қаласы Коминтерн ауылында 1958 ж.т. зейнеткер ұсталды. Тәртіп сақшылары қарияның тұрғылықты жерін тексеру кезінде үйдің ауласында өсіру іздері бар 8 түп «қарасора» тұқымдасының өсімдіктері табылып, тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол өсімдікті көктемде егіп, өңдеген.

WhatsApp Image 2023-08-03 at 23.44.40
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі «Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

WhatsApp Image 2023-08-03 at 23.44.40 (3)
«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 айында облыс бойынша полиция қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі құралдарын заңсыз сақтаудың 8 фактісін, психотроптық заттарды өткізудің 2 фактісін және заңсыз өсімдіктерді заңсыз өсірудің 16 фактісін анықтады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале