20.09.2023, 9:45
Оқылды: 7

Оралда жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған 33 жастағы тұрғын ұсталды

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында жалдамалы пәтерінде жыныстық қызмет көрсету үшін притон ұйымдастырған 33 жастағы қала тұрғынын анықтады. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

ЖП Полиция (1)

«Ол клиенттеріне Батыс Африкадағы Сьерра-Леоне Республикасының тумасы, 1999 жылы туған бойжеткенді эротикалық боди-массаж түріндегі жыныстық қызметті көрсету үшін ұсынған және сол үшін ақша алған.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігімен (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды», делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале