13.06.2024, 9:45
Оқылды: 87

Оралда жаңа мешіт ашылды

Орал қаласы шетіндегі қарыштап өсіп жатқан Деркөл кентіндегі исі мұсылман қауым үшін ақ түйенің қарны жарылған айтулы оқиға – еңселі мешіттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

03C00C3C-694D-43E0-9FF7-75CBBFEBCD51

Сәрсенұлы Темірболат ата аты берілген жердегі жаратқан мекенінің ашылуына арнайы келген ҚМДБ-ның діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайл Сейітбек жиылған қауымды құтықтап, мешіт имамы Ерлан Әйтеновке құран кітабын тарту етті.

– Бүгінгі таңда бірлігіміздің мызғымас берік екендігінің бұлтартпас айғағы тәрізді имандылық үйлері көптеп салынып жатыр. Ол мешіттер сан ұрпаққа қызмет ететін болады. Осы мешітті салуға қаржылай көмек көрсеткен жандарға алғысымыз шексіз. Құранда: кімде-кім мешіт салса, Алланың құрметіне ие болып, жұмақтан орын тиеді делінген. Дәл осындай мешітке ие болуымыздың өзі қасиетті тәуелсіздігіміздің арқасы. Мешіт – ұлы мәдениеттерге, адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылықтарды тәрбиелейтін орын. Жаңа мешіт жамағатқа толсын, - деді Смайыл Сейітбек.

87E14899-531D-4EE0-AF36-FDE5C3B1B30A

Одан соң Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев сөз алып, жамағатты қуанышымен құттықтады.

– Ел игілігі үшін имани шаруа атқарған барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бір кездері мешітіміз азайып қалып еді. Осы күні олардың саны артты. Жастарға имани тәрбие берер мешіт көбейе берсін, - деді Арсен Зиннатұлы.

Одан соң БҚО бас имамы Самат Әлібаев сөз алып, мешіт салуға мұрындық болған азамат, азаматшаларға алғысхат табыс етті.

0E36F676-D617-4CE5-A4E4-9A88876B37EE

Бір мезетте 400 адам құлшылық етуге мүмкіндік беретін мешіт ашылып, бесін намазы оқылған соң жамағатқа ас берілді. Сондай-ақ ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале