13.04.2022, 12:45
Оқылды: 69

Оралда жаңа өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды

Мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алу үшін тағы бір өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істей бастады. Аталған сектор Орал қаласы № 3 халыққа қызмет көрсету бөлімінде Жәңгір хан көшесі, 160/4 мекенжайы бойынша орналасқан.

12

"Біздің міндетіміз –  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бұл сектор, ең алдымен, Зашаған кенттік округі тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жасалған. Сектор ұйымдастыру техникасымен жабдықталған 6 жұмыс орнынан тұрады. Мемлекеттік қызметтерді алуға жүгінгендерге осы бөлімнің мамандары көмектеседі. Кез келген клиенттің қаладағы басқа бөлімдерге бармай-ақ, электрондық қызметтерді осы жерден алу мүмкіндігі бар", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Сондай-ақ, ол қала бойынша 7 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейтінін айтты:

Мекеме атауы Мекенжайы Жұмыс уақыты
Орал қ. №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі Жамбыл көшесі, 81/2 Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз

 

 

Орал қ. №2 халыққа қызмет көрсету бөлімі Исатай-Махамбет көшесі, 84 Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз

 

Орал қ. №3 халыққа қызмет көрсету бөлімі Жәңгір хан көшесі, 160/4 Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз

 

Орал қ. Мамандандырылған бөлім (автоХҚО) Жәңгір хан көшесі,  160 Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз

 

Орал қ. Мемлекеттік кірістер басқармасы Некрасов көшесі, 30/1

 

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Халықты жұмыспен қамту орталығы Құрманғазы көшесі, 173 Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектер мен ардагерлерді әлеуметтік қорғау секторы Н.Назарбаев даңғылы, 161 Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

 

 

Аудандық ХҚО бөлімдерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бұрыннан да жұмыс жасайды. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктен алуға болады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы 125-тен астам мемлекеттік қызмет қолжетімді. Бүгінгі таңда ең өзекті қызмет - "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру". Бұл қызметті де eGov mobile арқылы алуға болады. Кез келген сұрақ бойынша 1414 байланыс орталығына хабарласып, «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандарының кеңесіне жүгінуге болатынын ескертеміз.

Анықтама үшін: Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізіліміндегі 694 қызметтің 91,7% электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы қолжетімді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале