26.10.2020, 18:47
Оқылды: 25

Оралда жас ақындардың жыр кеші өтті

Жуырда Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен "Қадырдан қалған қазына" атты жас ақындармен  сұқбаттасу түріндегі карантин талабы сақталған көрерменсіз жыр кеші өтті.

жас акын 1

Кездесуге Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған "Қазақтың Қадыры" атты облыстық мүшәйраның жеңімпаздары қатысты.

Өңірге белгілі Айбол Исламғали, Марлен Ғилымхан, Бауыржан Ширмединұлы, Мейрамбек Сыздықов, Әділ Ахметов сынды жеңімпаз-жүлдегер ақындар сұқбат құрып, өлеңдерін оқыды.

жас акын 2

Кеште Ерлан Қуанышев, Ақылбек Какимов сынды әншілер өнер көрсетті.

- Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жұмыс-жоспарларына жастық жалынмен үлес қосу туралы әңгіме өрбіген шара жас ақындарға өлеңдер оқуына мүмкіндік тудырды. Жас ақындармен өтетін мұндай әдеби кештер болашақта да жалғасын табады, - дейді Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының әкімгері, танымал ақын Бекболат Қаленов.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале