19.01.2026, 16:45
Оқылды: 458

Оралда жас боксшылар ел чемпиондығына таласуда

Орал қаласында бокстан 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған балғын боксшылар арасындағы ел біріншілігі қаңтардың 24-іне дейін жалғасады.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.41.41 (2) «Жайық Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 250-ге жуық жас боксшы қатысуда. Олар 33, 35, 37, 40, 43, 46, 49, 52, 55, 58, 64, 67 және 70 келі салмақ дәрежелері бойынша чемпиондық атақ пен жүлделі орындарды сарапқа салады.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.41.41

Чемпионаттың ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов пен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, әйгілі боксшы Данияр Елеусінов қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Бақдәулет Сәбитов жас спортшыларға сәттілік тілеп, бұл жарыстың болашақ спортшыларды тәрбиелеудегі маңызына тоқталды.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.41.41 (1)

– Бұл чемпионат еліміздің болашақ спорт жұлдыздарына беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Бокс қайсарлық пен тәртіпті, төзім мен табандылықты талап ететін спорт түрі. Осындай додада шыңдалған жасөспірімдер ертең ел намысын халықаралық ареналарда қорғайтынына сенемін, – деді ол.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.44.07

Бәсекені тамашалауға келген жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Жақсылық Молдахановтың айтуынша, осы чемпионатта топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұлттық құрама сапына алынып, Ташкентте өтетін Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

WhatsApp Image 2026-01-19 at 17.44.04

Айта кетейік, жарыстың шешуші кезеңі 24 қаңтар күні өтеді. Ақтық сындар сағат 12:00-де басталады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале