Жас болса да көпбалалы жанұя атанған Тапишевтер отбасы қаладағы №444 сайлау учаскесінде тіркеліпті.
Сайлауға қатысып, жаңа Қазақстанның жаңа белесін көретініне сенімді отбасы халықтың сенімін ақтайтын азаматтар ел тұғырына қонса деген ниетте.
-Мен өзімнің азаматтық белсенділігімді көрсетіп, өзім үшін, өзімнің бала-шағам үшін де таңдау жасадым. Қазір баршамызда құрғақ сөзден арылып, азаматтық парызымызды орындауға тиіспіз. Болашақта балаларым есейіп, алда өтетін сайлауға немере-шөбелеріммен бірге келемін деген ойдамын,- деді отағасы Аслан Нұрланұлы.