10.02.2026, 12:15
Оқылды: 4

Оралда жас сарбаздар жауынгерлік қызметке кірісті

Орал қаласында Ұлттық ұланның жас сарбаздары алғашқы жауынгерлік қызметтеріне кірісті. Бұдан екі апта бұрын әскери ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге серт берген жас жауынгерлер бүгінде жүктелген міндеттерін орындауға толық дайын.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 12.33.23

Әскери ант қабылдағанға дейін сарбаздар бастапқы әскери даярлық курсынан өтіп, әскери қызметтің қыр-сырымен жан-жақты танысты. Оқу барысында олар саптық дайындық, жарғылар талаптары, қару-жарақты қолдану, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында қажетті білім мен тәжірибе жинақтады.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 12.33.24 (1)

Жауынгерлік қызметке кіріспес бұрын сарбаздармен тәрбие жұмысы ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған Ұлттық ұлан ардагерлері жас жауынгерлермен кездесіп, өздерінің қызметтік тәжірибесімен бөлісті. Олар сарбаздарды жауынгерлік қызметте қырағылық танытуға, әскери міндетті адал атқаруға шақырды.

Тәрбие іс-шарасынан кейін салтанатты сап түзеу рәсімі өтіп, жас сарбаздар жауынгерлік қызмет орындарына аттанды.

WhatsApp Image 2026-02-10 at 12.33.24

Алдағы бір жыл ішінде Ұлттық ұлан сарбаздары Орал қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылады. Сонымен қатар олар түзеу мекемелерін күзету қызметін де атқаратын болады.

 

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале