Бүгін «Орал» спорт клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай 2007-2009 және 2010-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында аударыспақтан ашық қалалық турнир өтті.
Бұл туралы Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз маманы Аружан Сұлтанова хабарлады.
«Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен жарысқа қала және жергілікті аудандардан келген сегіз команда қатысты. 100-ге жуық ат құлағында ойнаған жас спортшылар арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге спорт клубының дипломдары, медальдары мен жаңажылдық сыйлықтары табыс етілсе, БҚО Ұлттық спорт қауымдастығы үздіктерге ақшалай сыйақы тарту етті», - дейді баспасөз маманы.
zhaikpress.kz