12-15 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күніне орай 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан қалааралық турнир өтуде, деп хабарлады Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі.
БҚО волейбол федерациясы мен «Орал» спорт клубы, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жарысқа Ресейден және көршілес облыстардан 10 команда қатысып жатыр.
Олардың қатарында Самара облысынан, Соль-Илецк қаласынан, Астана қаласынан, Павлодар қаласынан, Тараз қаласынан, Атырау қаласынан, Ақтөбе қаласынан және Ақсай қаласынан келген командалар бар.
Жарыстың ашылу салтанатына Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов, «Орал» спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымов, БҚО Волейбол қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Сергей Казак және волейбол жаттықтырушылары қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.