29.12.2025, 10:00
Оқылды: 203

Оралда жоғалған 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр

28.12.2025 жылы полицияға кәмелетке толмаған 05.01.2012 жылы туылған Самиғолла Ельнар Қайырбекұлының сағат 09:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін оралмағандығы жөнінде әкесінен хабарлама келіп түскен. Бұған дейін, 2023 жылы бір рет үйінен кеткен.

WhatsApp Image 2025-12-29 at 10.49.44

Ерекше белгілері: бойы шамамен 170 см, дене бітімі арықтау, үстінде қара күрте, қара трико, қара қысқы етік, ұялы телефоны өзімен бірге болмаған.

Іздеу шаралары барысында полиция өзге де қызметтермен бірлесіп жұмыс жүргізіп, баланың болуы мүмкін барлық жерлерді — жолдарды, іргелес аумақтарды, парктерді, скверлерді, компьютер және өзге де ойын клубтарын, сауда үйлері аумағын тексеруде.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері баланың болуы мүмкін жерлерін тексеріп, іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

WhatsApp Image 2025-12-29 at 10.49.15

Іздестіру іс-шараларына полиция қызметкерлері, ТЖД қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және тұрғындар жұмылдырылған.

Егер сізде жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса немесе болуы мүмкін жерлерін білсеңіз полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале