24.08.2024, 14:30
Оқылды: 14

Оралда жол апатынан 4 адам қаза тапты

Бүгін сағат 08:20-да БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылының жанынан өтетін "Чапай-Жалпақтал-Казталов" тасжолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі. 

Жедел жәрдем ЖП

Тексеру кезінде "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, жол жиегінде тұрған "КАМАЗ"автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.

Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі кәмелетке толмаған балалар. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жол-көлік оқиғасы кезінде полиция қызметкері пен оның жұбайы "ГАЗ-3102" автокөлігінің жолаушылары болған.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале