3.11.2024, 12:00
Оқылды: 111

Оралда жол апатынан 63 жастағы әйел көз жұмды

Орал қаласында жол апатынан кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы әйел көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Оралда жол апатынан зардап шеккен бес адамның біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.

БҚО денсаулық сақтау басқармасын түскен мәліметке қарағанда, 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскен. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ ауыр жарақат оның өліміне соқтырды. Патологоанатомиялық зерттеу жасалатын болады.

«Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале