Кеше кешкі сағат 18:30 шамасында Оралдағы "Венойл" жанар-жағармай құю станциясына қарсы айналма жолда жол апаты болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
1990 жылғы жүргізуші тізгіндеген "Lada Largus" маркалы автокөлігі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 1988 жылғы азамат жүргізген "Daf" автокөлігіне соқтығысады.
Жол-көлік апаты салдарынан"Lada Largus" маркалы автокөлігінің жүргізушісі және 1987 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза болды.
Мүрделері сот-медициналық сараптамаға жолданып, бірқатар сараптама тағайындалған.
Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
zhaikpress.kz