31.10.2022, 9:01
Оқылды: 44

Оралда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

Орал қаласында жол апатынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221031071839592e

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 қазанда «Саяхат» аялдамасы тұсында болды.

«Жедел жәрдем түнгі сағат 02.34-те шақыртылды. Алған жарақаттары салдарынан жас жігіт оқиға орнында қаза тапты. 1977 жылы туған әйел бас пен мидың жабық жарақатын алған, миы шайқалған. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы болғанын растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале