Кеше түнгі сағат 20:05 шамасында «Октан» жанармай құю бекеті маңындағы айналма тас жолда үш көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.
«Оқиға орнынан 5 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы жедел жәрдем бөлмесіне бара жатқан жолда көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», делінген департаменттің баспасөз мәлімдемесінде.
Баяндамашы: Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны Мәди Қарабасов.
zhaikpress.kz