13.06.2022, 11:30
Оқылды: 26

Оралда жол-көлік оқиғасы жиіледі

Бүгін таңғы сағат 07.00 шамасында 1975 ж.т. "Ниссан" маркалы автокөлігінің жүргізушісі Әбілқайыр хан даңғылы бойымен "Жигули" аялдамасының маңында жүріп, жолды белгіленген орында кесіп өткен 1976 ж. т. әйелге соқтығысты. 

20

Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған әйел ауруханаға жеткізілді. Жүргізілген медициналық куәландыру жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйінде болғанын көрсетті. Қазіргі уақытта автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

19

БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале