Бүгінде жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білген азаматтар қоғамда аз емес. БҚО-да жүректері махаббат пен сүйіспеншілікке толы мейірімді жандарды ұлықтауға арналған «Жомарт жүрек – 2019» меценаттар форумы өтуде.
«Жылдың үздік ұйымы», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Батыл жүрек», «Жыл меценаты». Бұл – туған өлкенің дамуына үлес қосып, ізгілікті істен қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген жандарға берілген баға. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірімізде үшінші мәрте ұйымдастырылған меценаттар форумында оларға құрмет көрсетіліп, «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды. Аталған шараға қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев аталым иелерін құттықтап, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімиденұлы Есқалиевтың алғыс хатымен Ақжайық ауданындағы жеке кәсіпкерлер Қоспаевтар әулеті, кәсіпкерлер Ермек Момынов (Бөкей ордасы), Жаслан Кубеев (Бәйтерек), Нвер Мсрян (Бөрлі), Салауат Қабошев (Жаңақала), Бақытжан Искаков (Жәнібек), Әлібек Сартаев (Қазталов), Досжан Изимов (Қаратөбе), Аскар Ликеров (Тасқала), Сағидолла Еркебаев (Теректі), Мади Искаиров (Шыңғырлау) марапатталады.
«Жыл меценаты» аталымын Тілек Шектібаев пен Тимур Аминға, «Жыл тұлғасы» аталымы Анвар Агаевқа, «Жылдың үздік ұйымы» аталымы «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігіне табысталды. «Туған өлке» аталымы бойынша Жарылғасов Есенаман, «Ерлігі үшін» аталымымен Еркебұлан Сапанов марапатталды. Форумда бұдан басқа да аталым иегерлеріне құрмет көрсетілді.
Нұрбек Оразаев
сурет Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер