16.12.2024, 14:53
Оқылды: 412

Оралда Жұбан ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні – ата-бабалардың сан ғасыр бойғы арман-тілегінің ақиқатқа айналған күні, егемен елдің ұлы мерекесі. Айтулы күнге орай Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиевтің ескерткішіне шүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара 1986 жылғы Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін бір минуттық үнсіздікпен басталды.

a0e9329a-a45c-49eb-a717-f4ef62b38560

Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, қоғам қайраткері Қуанышбай Төлебаев, «Батыс Желтоқсан» ҚБ-ның және саяси партия өкілдері, зиялы қауым мен жастар қатысты.

90738ba3-237e-4d7e-bf8e-01a09fd5bf68

– Тәуелсіздік бізге тегіннен-тегін келген жоқ. 1986 жылы желтоқанда алаңға шыққан ұл-қыздарымыз басшылыққа қазақ елін қазақ басқарсын деген талап-тілектерін жеткізгісі келді. Алайда олар аясыз соққыға жығылатындарын білген жоқ. Кейбірі қыршынынан қиылды. Қазір Қазақстан әлемге танылып, дамып келеді. Бірақ біз еліміздің болашағы өзіміздің қолымызда екенін ұмытпауымыз қажет. Әр адам «Елім маған не береді?» деп емес, «Мен еліме не беремін?» деген ұстанымда болса деймін. Қазақстандықтар Тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуді азаматтық парызы санаса екен деген тілегім бар. Сонымен қатар еліміздің әрбір азаматы Тәуелсіздіктің мән-мазмұнын білуі керек. Мықты мемлекет болу үшін ішкі тұтастық пен бірлік қажет, – деген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Қабышұлы айтулы мерекемен құттықтады.

648d2f76-aac8-41b7-8b5c-9baefa32317e
«Ғасыр жастары» театрының актері Дархан Мақсотов ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасынан үзінді, Эстетикалық гимназия оқушысы Ділназ Марат ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн» шығармасын оқыды. Жиынға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

962713d7-9189-416f-af09-48e4b75bb492

Кейін олар Тәжиден Батырұлы атындағы Орал қалалық мешітке барып, Желтоқсан құрбандарының рухына құран бағыштады.

Айна Имашева
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале