4.12.2020, 14:25
Оқылды: 3

Оралда жұқпалы аурулар модульдік ауруханасының құрылысы аяқталды

Оралда қалалық жұқпалы аурулар модульдік ауруханасының құрылысы аяқталды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарыы Гүлнәр Әбдірахманованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімшесі ретінде жұмыс жасайтын жаңа емдеу мекемесі қазіргі кезде қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

жұқ1

Оның сөзіне қарағанда, аурухана толық жабдықталған соң қолданысқа беріледі. Соның ішінде мердігер мекеме оттегі стансасын 10 желтоқсанда әкелмекші.

«Модульдік ауруханаға кадрлар толықтай іріктеліп алынды. Олар Батыс Қазақстан медицина колледжі базасында індетті емдеуге байланысты клиникалық хаттамаға сәйкес біліктіліктерін көтеріп, сертификаттар алды. Сонымен қатар қосымша резервтік тізім дайындалды. Биыл облысқа 116 дәрігердің келгені белгілі, олар да оқытылды, жұмысқа тартылатын болады», - деді Г.Әбдірахманова.

Күні бүгін облыста 185 төсектік 4 карантиндік стационарда 35 адам жатыр. Ал 359 төсектік 7 жұқпалы аурулар ауруханасында 136 адам емделуде. Соның ішінде 9 науқас жансақтау бөлімінде, бұлардың бәрі де созылмалы сырқатқа, 8-і жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққан.

Сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппаратына 6, оттегі концентраторына 10 адам қосылған.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале