20.07.2025, 9:00
Оқылды: 401

Оралда жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Орал қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің, криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, өзін жургізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды, - деп жазады БҚО полиция департаменті.

WhatsApp Image 2025-07-20 at 10.01.08

Фото: policebqo

Ол Орал қаласының аумағында бірнеше азаматты алдап, олардын, сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Бүгінгі күні оның әрекетінен жапа шеккен 13 түлға анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 6 500 000 теңге құрайды.
Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу әркеттері жүргізілуде.
Полиция азаматтарды сақ болуга және құжаттарды тек ресми жолмен ресімдеуге шақырады. Осындай әрекеттер туралы мәліметі болса полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале