21.09.2021, 12:38
Оқылды: 35

Оралда жүргізуші велосипед мінген ер адамды қағып, қашып кеткен

Оралда жүргізуші автокөлігімен велосипед мінген ер адамды қағып, қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

210921131815602e
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 21 қыркүйек күні шамамен сағат 10.10-да М.Шолохов көшесі бойында болды. Белгісіз жүргізуші велосипедшіні қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде жүргізушіні анықтап, қолға түсірді. Ол «ГАЗель» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі болып шықты.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жол апаты салдарынан азият пішіндес 40 жастағы ер адам ашық бас-ми жарақатын алды. Миы зақымданып, бас сүйегі сынған. Ес-түссіз күйінде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Жағдайы өте ауыр, ота жасалады деп жоспарлануда. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда шұғыл шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі аударылғанын жазған болатынбыз.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға орай жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес хаттама толтырылғанын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале