13.12.2024, 16:45
Оқылды: 117

Оралдағы №24 мектепте «ашық есік» күні өтті

Орал қаласындағы №24 мектепте «ашық есік» күні өтіп, ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, сыныптардағы сабақтарға қатысты. Бұл шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

868cc5b4-aa43-43a4-831c-5143935c27c9

Мектепке келген қонақтар «Ұлттық қолөнер – ұлт қазынасы» атты үйірмені тамашалады. Онда  үйірмеге қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.

«Ғұмыр дария» әжелер клубының мүшелері текемет басып, жасалу жолын көрсетіп, жүннен жасалатын түрлі қолөнерді үйретсе, оқушылар да өздерінің үйреніп, жасаған өнерлерін көрсетіп, көпшілікке паш етті.

Мектебіміздегі әжелер клубымен бірлесе ұйымдасып жасаған бұл үйірме көптің көңілінен шығып, қызығушылықтарын да туғызды.

– Үйірменің мақсаты – оқушыларды ұлттық дәстүрлерді, ата-бабадан қалған қолөнерді құрметтеуге және дәріптеуге тәрбиелеу, - дейді мектеп директоры.

– Біз ата-аналармен байланысты ашық ұстауға тырысамыз. Әр ата-ана кез келген уақытта мектепке келіп баласының оқу үлгерімін, тәртібін сұрап қадағалай алады. Ал бүгінгідей «ашық есік» күндері қонақтарға есігімізді ашып, мектептің тыныс-тіршілігін көрсетеміз. «Еркін микрофон» жобасы арқылы ата-аналармен кері байланыс орнатамыз. Олардың ұсыныс-тілегін тыңдаймыз, - деп атап өтті №24 мектептің директоры Гүлсім Сатыбаева.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале