Кеше сағат 23:59-да Д.Қонаев атындағы шағынауданда №13 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады БҚО төтенше жағдайлар департаменттің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, №28 мектеп-лицейінің 2-інші қабатындағы №45 кабинеттегі 15 шаршы метр жерде электр жүйесінен ақау шыққан.
Оқиға орнына БҚО полиция департаменті полиция қызметкерлері жеткен кезде кабинетте электр қалқанының тұйықталуын анықтаған. Мектептің күзетшісі тұйықталуды өзі реттегісі келген, алайда көміртек тотығымен уланған.
Оған төтенше жағдай қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, кейін 1957 жылғы күзетші қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Мектепке БҚО ТЖД «ӨС және АҚҚ» ММ жеке құрамының 49 қызметкері және 13 техника, БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының екі қызметкері, анықтау бөлімінің екі қызметкері, Орал қаласы ТЖБ-ның бір қызметкері барды.
Өрттің шығу себебі, материалдық шығын және кінәлі адамдар анықталып жатыр. Тілсіз жау 00:37-де оқшауланып, 00:40-та сөндірілді. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.
zhaikpress.kz